Оразалыұлы Сейтек (1861 - 1933)
Опубликовал: Admin
7-10-2020, 04:21
Просмотров: 1213
Комментарии: 0
«Қулақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» - деп Абай атамыз айтқандай осы наурыз айында атақты күйші – композитор, домбыра мектебінің негізін қалаушы Сейтек Оразалының туғанына 150 жыл болады.
Оразалыұлы Сейтек 1861 жылы бұрынғы Бөкей ордасына қарасты Саралжын деген жерде дүниеге келіп, 1933 жылы қазіргі Астрахань облысына қарасты Қарабайлы ауданының Ақтүбек деген жерінде дүние салған. Сейтек төре тұқымынан. Қазақ арасындағы төре тұқымынан әрідегі билік беделін айтпағанда, Сейтектің берідегі атасы Байшораның өзі ешкімге күнін түсірмейтін, өз жері өзіне жететін, ауыл-еліне сөзі өтетін, айналасына танымал болған.Сетектің бар өмірі дерлік «барымташы», «ұры», «жергілікті басшыларға бағынбайтын басбұзар», деген алуан түрлі бопса айыптаулардың тұзағына шыпмалап, нақақ қудалауға ұшырап, зәбір-жапа шегумен өткен. Ол қырық жасқа жетпей тұрып-ақ Орда, Үркіт, Астрахань,Москвадағы Бутырка түрмелер сұмдықтарын бастан кешкен. Сейтек өзінің болмысымен, керек десеңіз азапты тағдырымен халық рухына айғақ тұлға. Сол бұла дарынының, құрбаншыл қайратының арқасында оның әрбір көрген қорлығы мен тартқан азабы заманасына деген үкімдей болып, өнер тілінде сыртқа шығып отырған, демек күй тілінде сөйлеген.
Сейтектің бес жасында әкесі Оразалы дүние салған. Жастық шағы ағасы Шошақтын тәрбиесінде өтеді. Кісілігі мол, ел ішінің қария сөзіне көкірегі даңғыл, өнердің парқын жазбай танитьын Шошақ інісі Сейтекке шын қамқор, нағыз ұстаз болып, алғаш күйге ынта-ықыласын оятады. Ауыл арасында бала домбырашы атанып, сол кездегі Әлікей, Салауат, Мәди сияқтыбілікті домбырашылардың алдын көреді.Сейтек мүшел жасқа толғанда ата салтымен нағашылап, Атырау бойындағы Дәулетиярдың ауылына аттанады. Жай аттанбайды өзімен бірге домбырасын ала шығады.
Сөз жоқ,Құрманғазыдай ұлы күйшінің алдын көріп, одан ғибрат алу Сейтек өміріндегі ең бір елеулі кезең. Әсіресі, ел ішіндегі шет-шегі жоқ небір інжу-маржан күй нөпірін естіген сайын құнығып, енді бірте-бірте өріс ұзартып, өнерді өмірлік мұратына айналдыра бастайды. Эрідегі «Асқақ құлан», «Кеңес», «Ел айырылған» сияқты күйлерден бастап, содан шежіре сияқты күйлерге дейін жаттап тартып,жүрегіне сіңірумен болады. Ел ішін арманзыз аралап, жәнеде Қалмақтын қырларына, Түрікменнің құмдарына дейін күйсарынға деген ынтықтық білдіреді.
Осының бәрі Сейтектің домбырашылық шеберлігін шыңдаған, күйшілік дарынын ұштаған өмір өмір мектебі еді. Алайда, өмірдің қандай талқысына түссе де бір сәт домбырадан ажырап көрген емес.Сейтек ару қызға деген адал көңіл, ақ тілегіне айғақ етіп «Бұл-Айша» күйін шығарған. Қазақ қыздарының ақжарқын, тілеуқор, бауырмал қасиетіне тәнті болып «Без қыз» күйін тарту еткен. Ер қагаты – атына арнап «Торы ат», «Ортпа» күйлерін күмбірлеткен. Алғашбеттескен зорлық пен қиянатқа деген қыжылын «Арпалыс» атты күймен білдірген. Адал дос, арқа сүйер азаматтарға арнап «Ақ Еділ» куйін тартқан. Қайда барса да жарылып алдынан шығар қонақжай ел-жұртына ризашылығы ретінде «Балқаймақ» куйін арнаған. Бас еркінен айырылып, жанына араша таппай күйзелген шақтарында «Түңілдім», «Айдау» атты күйлерін азынатқан. Қолық пен зорлықты белшесінен кешіп айдаудан оралғанда қос төмпешік болып жер томпайып жатқан асыл анасы мен бауыр еті перзентінің күйігі «Ғазиз» күйі болып күңіренген .
Осының бәрі басы жұмыр пенде Сейтектің өмір берегі, бастан кешкен ғұмыр шежіресі болғанымен, сол нақтылы дерек, сол ақиқат айғақ күйші Сейтектін домбырасы арқалы «тіл қатқанда», күй түсінер жанның зердесінде уақыт үніндей, замана тынысындай болып жаңғырары сөзсіз. Бәлкім, Сейтектін дәуір жыршысы ретіндегі құдірет қасиетінің сыры да осында болса керек.
Сейтек Оразалының бірінші қасиеті: жай толғаныс, жалаң күңіреніс емес, сол замана сынына өзінің үкімдей үнін қосады, сүреткерлік баға-байламын білдіріп отырады.Екіншіден, Сейтек күйлері, тұғырдан ырғыған тұйғындай, осы оғыз пернеден бастау алып, осы оғыз пернеге айналып соғып, осы оғыз пернеге маңдай тіреп отырады.Үшінші, Сейтек өз мелодиясында диатоникалық негіздерді жиі пайдаланады.Әуен дыбыстары көбінесе тізбектеле қатар дамиды.Төртінші, Сейтектің күйлерінде бастапқы алынған белгілер өзгеріссіз шығарманың аяғына дейін сақталады. Бұл ерекшелік Сейтектің «Ғазиз» күйінде бар.Бесінші, Сейтек өзінің кейбір күйлерінде лад бояуларын ерекше пайдаланып, оны бір аттас екі ладқа өрбітуін, қазақ күйлеріне енгізген жаңалығы деп қарау керек.Алтыншы, күйге жаңа интонациялық үн беретін дыбыстардын түрлерін, кішірейтілген квинталық интервалмен жиі пайдаланады.Жетінші, Сейтектің домбыраға енгізген жаңалығына келсек,-ол өзіне дейінгі қазақ күйшілерінде болмаған домбыраның «шайтан тиегі» мен бірінші пернесі арасында қосымша перне тағып, сол пернені өзкүйлеріне кеңінен пайдалануы.
Міне Сейтекті сүреткер ретінде осы қасиеттері даралайды және осы қасиеттері арқылы ол қазақ музыкасының еңселі тұлғаларының бірі ретінде бағаланады.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Другие новости по теме:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.